12.07.2022
  115


Автор: Ғали Орманов

Шолсаң түгел ел-елдерді

Шолсаң түгел ел-елдерді
Мекендеген жердің бетін:
Сүйеді Ленин кемеңгерді
Тынысындай жан-жүректің.
Сүйеді оның ұлы есімін
Азаттықтың туы деп жұрт.
Ашады таң дүние есігін,
Айығады түнеген бұлт!
Күні кеше жұмыр жерді
Шалғанда өрті сұм Гитлердің.
Арашалап миллион елді
Сол апаттан құтқарған кім?
Қарсы тұрып жалғыз өзі
Қайрат етті Ленин елі.
Күллі əлемнің көрді көзі
Қорқытқан жоқ өлім оны!
Жау оғына шыдап ұдай,
Жəрдем берді қаншама елге.
Азаттықтың ұранындай
Жаңғырықты аты əлемге!
Қатер төнген сол бір кезде
Жалғыз тірек болды ел-елге.
Аманшылық тілеп бізге,
Қол артпады кім сол күнде!
Ұмытпайды оны халық,
Жүректері бізбен бірге.
Жеңіс туын барады алып
Дақ түсірмей ілгеріге.
Жер-жерде əлі соғыс оты
Белгі берсе кей сағатта.
Соған сырттай беріп соққы
Ленин елі тұрған жоқ па?
Ой көзімен қарағанға,
Өлмес өмір дастаны бұл.
Ұран болар бар заманға
Адамзаттың мақтаны бұл!





Пікір жазу