12.07.2022
107
Жанымызға жəрдем берген
Жанымызға жəрдем берген
Сол еді өлмес ұлы дастан.
Асырды асқар белеңдерден
Бағыттан бір бұрылмастан.
Қомсынатын бірін бірі
Ұлт кірбеңі болды ұмыт.
Араласқан өлең, жыры
Секілдіміз түгел бір жұрт.
Жарлы, жалшы деген термин
Сөзімізден шықты мүлде.
Жандарымыз өнерлі елдің
Тірлігі тең, діті бірге!
Қазір түгел өнерлі жас,
Өр көңілді ұл менен қыз.
Дос, туысқан, мəңгі жолдас,
Елімізге жарық жұлдыз.
Қол жетпейтін қиялмен тең
Жеткізді елді соған Ильич.
Алда шексіз өрісі кең
Жерге орнады жаңа тұрмыс.