meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.07.2022
  109


Автор: Ғали Орманов

Шертпеген кім сөзбен шебер

Шертпеген кім сөзбен шебер
Өшпес жарық, өлмес жанды.
Халқы шексіз сүймесе егер,
Ешбір есім қалмас мəңгі!
Қимайды жұрт сүйіктісін
Жанға өлшеген жалғызындай.
Көтереді биікке өңшең
Сөнбес жарық жұлдызындай.
Ленинге ешбір жан теңгермей,
Дəл осылай сүйеді елім.
Тапқан халық жұртқа бірдей
Мəңгі айнымас сүйенерін.
Қарағанда өзге жұртқа
Мың есе ыстық Ленин бізге.
Санағанда мүлде жоққа,
Күн орнатқан жерімізге!





Пікір жазу