12.07.2022
  119


Автор: Ғали Орманов

ӨЛМЕС ӨМІР ДАСТАНЫ

Есімде əлі суық ақпан,
Еңіреген қаралы күй.
Жер күйзеліп күйік тартқан
Секілді еді сол күні ылғи.
Жаны күйіп бүкіл халық,
Жасын төкті Ленинді ойлап.
Шеті өртенген сықылданып
Тұрды тулар қара байлап.
Қабырғаңа қалай батпас
Қайран дана қаза тапқан!
Жерді жуып төгілген жас,
Секілді еді көл боп жатқан.
Бəрін шарпып өртше демі,
Қаралы жұрт тұрды тұтас.
Сол тұрысы серттері еді
Данышпанды мəңгі ұмытпас!





Пікір жазу