12.07.2022
  89


Автор: Ғали Орманов

ДƏН САЛМАҒЫ

Толқынға ұқсас егінге
Толтыра түзді қымтапты.
Аралап соны сен күнде,
Оқисың қызық кітапты.
Сабақтар тартқан тамырдан
Сырлары сыртқа көрінбей.
Салмақты бірақ əрбір дəн
Өзіңнің құйған теріңдей.
Еңбектің дəйім жанғаны
Еліңе сені сүйгізер.
Қашан да дəннің салмағы
Қайырын жұртқа тигізер!





Пікір жазу