12.07.2022
  85


Автор: Ғали Орманов

ЖЕҢІЛГЕН ІЛЕ

Ырыққа көнбей кəрі Іле,
Көрсетті қанша қарсылық!
Бұрқырай мініп кəріне,
Тулады басын тасқа ұрып.
Еңсесін салмақ басқанға
Ышқынды ма екен шыдамай?
Қарғыды кейде аспанға,
Қабақтан ырғып шығардай.
Бүйірден ашқан арнаға
Бұрылды кенет асығып,
Тасқынын тосқан жандарға
Тағдырын мəңгі тапсырып...
Қолыңа көнген сол Іле
Секілді саған тым жақын.
Сүйсіне соны еліңе
Суырылып сен де жырла ақын!
Қаһарман ұл мен қыздарым,
Ілені сендер жеңгенде,
Ілесе туған жырларым
Арналсын түгел сендерге!





Пікір жазу