12.07.2022
  124


Автор: Ғали Орманов

ЖАПЫРАҚ ЖЫРЫ

Түстері түгел сар тартқан
Бояулары оңып жапырақ.
Түсуге тақап бұтақтан
Тұр ма екен сірə қалтырап?
Түлеген құстай бұрқырап
Сілкінген желге ағаштар.
Жапырақ бұғар жоқ тұрақ
Киліккен кезде алғаш қар.
Ағашта бірақ көп белгі
Тұрғандай сеніп күшіне,
Келесі жылдың көктерін
Қымтаған түгел ішіне.
Қараймын кенет өмірге
Қаулаған жылда жасарып.
Қоямын түйіп көңілге,
Өренді қоса еске алып..





Пікір жазу