12.07.2022
  82


Автор: Ғали Орманов

Кезімде баспалдақпен көтерілген,

Кезімде баспалдақпен көтерілген,
Текшеге тоқтай-тоқтай өтемін мен.
Алқынып аяғымды басам əрең,
Тұрғандай біреу тартып етегімнен.
Тыңдаймын жүрегімді дүркін-дүркін,
Лүпілдеп жүргізбейді емін-еркін.
Ақырын арт жағыма қарап қоям,
Жармасып жатыр ма деп кəрілік шіркін!
Кеудемнің шуына да түрем құлақ.
Жатқандай біреу күліп, біреу жылап...
Сыпырып сырт киімді тастағандай
Сытылып кете алмаймын не лаж бірақ!





Пікір жазу