12.07.2022
  113


Автор: Ғали Орманов

Өмірді сен көп көрдің, көп өткіздің...

Өмірді сен көп көрдің, көп өткіздің,
Көрнектісін көп жерде сөзбен тіздің.
Қайдағы ойлар көңіліңді қозғайды кеп
Оқта-текте солардың көргенде ізін.
Қалмайды шет, қалтарыс онда əр тұрғы,
Жəне бітер жері оның жоқ ақырғы,
Жырыңда тек жүргені сүйкімді тым:
Үні, түрі, тынысы алуан түрлі.
Өмір бірақ өтпейді күнде бірдей,
Көрінгенмен көзіңе күндегіңдей...
Қайта оралмас шағыңды шашып алып,
Қай жерде тек қалғанын жүрме білмей!





Пікір жазу