12.07.2022
  265


Автор: Ғали Орманов

ҚУАТ КӨЗІ

Қашан да қуат-күшімдей
Көремін «Аяққалқаным»,
Керегін тапқан кісідей
Кенеліп жылда қайтамын.
Көліңде баяу тербетіп,
Көмілте суға орайсың.
Түрімді бозаң өзгертіп
Қоңырға күнде бояйсың.
Дауалы жылы деміңмен
Шымырлап бойға тарайсың.
Күшімді сиреп кеміген
Толтырып қайта жамайсың.
Құмыңның құла бітімі
Қыздырған күнге денемдей.
Бусанып соған бір түрлі,
Күнім жоқ қайтқан кенелмей.
Төсеніп торғын көрпемше,
Жатамын жəне жамылып...
Асығып соған жеткенше,
Келемін жылда сағынып!





Пікір жазу