12.07.2022
95
САЛҒЫРТТЫҢ СЫРЫ
Жетелеп біреу жүргендей,
Қарасаң селқос жұмысқа.
Қолыңдағы ісің бір өнбей,
Көресің қорлық тұрмыста.
Қимылың қырсау, құр күйбең,
Аңыру, сылтау тұрыс көп.
Жүргенде сырттап бұл күймен,
Секілді саған жұмыс жоқ.
Қашан да қалпың керғайзаң,
Түртпесе ықылас, ынтықтық.
Қарарсың ойлап сен қайдан,
Жатса да бітпей іс бықып.
Көңілсіз істе көрік жоқ,
Кетеді мүкіс, көп селкеу.
Белгілі бірақ көңілің тоқ,
Көрінсе сырты тек бітеу...
Секілді сенде жазық жоқ,
Сықпыртсаң сөзді сырғақтап.
Даусыңда айқай, бажыл көп,
Басыңды солай күнде ақтап...