12.07.2022
134
ЖЫР МЕКЕНІ
Шыңғырлау жері кең дала
Шірене шетсіз көлбеген.
Көрерің жалғыз сол ғана.
Төбе жоқ маңда көлденең.
Шертеді соны жас ақын
Сырына балап өзінің.
Шығарса жұртқа жақсы атын,
Теріс дер оның сөзін кім!
Далада, құмда ашылмай
Жабулы жатқан қашаннан,
Асылдар, сірə, осылай
Шықпай ма сыртқа неше алуан?
Ақынды соған теңеймін
Жырларын жаңа ақтарған.
Ештеңе бірақ демеймін,
Сақтағым келіп мақтаннан...
Орманды өңір, əсем тау
Өлеңге сол тек мекен бе?
Ойласақ, шалғай Шыңғырлау
Жатпапты ол да бекерге!