12.07.2022
  121


Автор: Ғали Орманов

ЕГДЕНІҢ ЕСКЕРТУІ

Ағамыз қартаң тартты деп
Қатардан мені шығарма!
Жартымсыз болсам, арты жоқ,
Жаралғам несін, сірə, онда?
Жалынды шағы өткенде
Жарай ма деме өлеңге.
Тартпай ма жасаң көктемде
Қартайды деген емен де?
Жапырақ жайған бұтағы
Болмай ма ұзақ көлеңке?
Араңда жүрсем мен тағы
Жарармын талай керекке.
Қажет деп білсең қалқамды,
Бетіңнен əсте қақпайын.
Аяма сен де ортаңды,
Өзімді мен де сақтайын!





Пікір жазу