12.07.2022
86
Қайдасың күйі көңілдің...
Қайдасың күйі көңілдің,
Көрейін тағы шақырып;
Қауқарың бітіп соғұрлы,
Қалмасаң мүлде сарқылып!
Қарыштап кəрі қанатты
Қағайын қатты талпынып.
Жалықпай шарлап жан-жақты,
Самғайын талмай шарқ ұрып.
Көтерсең солай көгіңе,
Көрінер қызық қилы өңір.
Көмескі тартқан көңілге
Құйылар, бəлкім, күнде нұр.
Сылдырап өлең төгілер
Сергіте сені сол кезде.
Жаның да жайсаң сезілер,
Сырың да сұлу, сөз де өзге.
Көмейі біткен бұлақтай
Қуатсыз жолдар табылмас.
Көгалын əсте қуратпай,
Көрінер ылғи жаның жас!