12.07.2022
  114


Автор: Ғали Орманов

Қартаң тартқан кісімін, əрине, мен...

Қартаң тартқан кісімін, əрине, мен,
Ауық-ауық ұйқысы əлдилеген.
Жастайымнан жарасып бір жасасқан
Жатырқамай алайда таниды өлең.
Құсыма ұқсас ол менің қолға үйреткен,
Қаратқамын алысқа сан биіктен.
Шақыртқымдай қаламды қолыма алсам,
Құйылғанын байқаймын көкжиектен.





Пікір жазу