12.07.2022
126
Нөсерлетіп жауам деп мақтанбаймын...
Нөсерлетіп жауам деп мақтанбаймын.
Тауда шөгіп бұлтым жоқ жатқан дайын.
Күнім ашық, масайрап көрінсем де
Бұлағым көп жамырап аққан дəйім.
Көкірегінен өргізген асқар оны.
Жасыл-жолақ, көк майса басқан жолы.
Сол бұлақша төгіліп ағыл-тегіл,
Бөктерімді тоғытып жатсам болды!
Бұлақ тынбай тамырға көп таралса,
Жаңа сабақ шыбықтар тартар қанша!
Соңы үзілмей осылай аққан абзал,
Жауармын деп кейін бір, тоқталғанша.