12.07.2022
  105


Автор: Ғали Орманов

ӨЛЕҢНЕН СОҢҒЫ ОЙ

Бітірдім жаңа ғана бір өлеңді,
Күлімдеп бір жас өмір түрегелді.
Тыныстап өзге өлеңдер ортасында
Масайрап ол да бірге жүрер енді.
Тіршілік тартар сыйлық тағы қандай,
Жылы оты жолдарынан танылғандай?
Жанымды жарылқаса болды əйтеуір,
Бір жоғым ойда жоқта табылғандай!
Сондықтан шарқ ұрады көңіл қайтпай,
Аялдап əлденеге сөзді ұлғайтпай.
Өмірімді, бір ой қалса, көрем олқы,
Сырының кеткен жандай көбін айтпай!





Пікір жазу