meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.07.2022
  143


Автор: Ғали Орманов

ІЛИЯС ЕСКЕРТКІШІ

Арынды сенің Ақсуың
Əкелді мені, Ілияс.
Жаңғырған елге жақсы үнің
Жан едің бізге тым қимас.
Өмірің өшпес жыр өңкей,
Ұдайы ұстаз тұтамын.
Айнымас сол бір жүректей
Қасыңда тұрсын кітабым!





Пікір жазу