12.07.2022
  118


Автор: Ғали Орманов

БАТЫРДЫҢ БЕЙНЕСІ

Биік тұғыр басынан
Көре өтеміз кейде оны.
Қару-жарақ асынған
Қайтпас батыр бейнелі.
Қанат қаққан қиырға
Ұқсайды əрі қыранға.
Сол келбеті ғұмырда
Көкейіңнен шығар ма!
Жауды қуған бетінде
Берлинге де барыпты.
Қаһармандар кейпінде
Қалт етпестен қалыпты.
Шинель киген қоладан
Шеру тартса тозбасқа.
Оранғандай ол оған
Өмір-бақи тоңбасқа.
Қарайды оған сан адам
Жайын іштен ұққандай.
Сүйсінесің сен оған
Елің арқа тұтқандай!
Ол да сырын жасырмай,
Орнығыпты өлмеске...
Еліміз де осылай
Сақтайды оны мəңгі есте.





Пікір жазу