12.07.2022
  68


Автор: Ғали Орманов

ӨШПЕС ӨМІР ОТТАРЫ

Оттар көрем кейде бір
Ескерткіште маздаған.
Елестейді бейне бұл
Өлеңімдей жазбаған.
Есімдері ол ерлердің
Ел көңілін қозғаған.
Естеріңде сендердің
Ертегідей аз ба адам?
Тамызғандай осыдан
Төңіректе от тұр жанып,
Тіршілікке қосылған
Таусылар ма бұл жарық!
Қаншама ердің аттары
Содан өзін танытты.
Өшпес өмір оттары
Мəңгі лаулап қалыпты.
Өз отыңды сенің де
Солар шығар тамызған?
Ерлер аты елінде
Өшер ме əсте аңыздан!
Жұрт аузына тараған
Жыр деп ұғар оны əркім.
Сонау самсап қараған
Көзі болар солардың?!





Пікір жазу