12.07.2022
  108


Автор: Ғали Орманов

ТЕҢІЗ ТЫНЫСЫ

Елп етпей желдің лебі жым басылып,
Жатады кейде теңіз сыр жасырып.
Қыбырлап тұла бойы, тыншы кетіп,
Кенет бір қозғалады тым асығып.
Толқындар жал-жалымен ұмтылады
Жарыса жағаларға құлаш ұрып,
Көк теңіз қапелімде құмартқандай
Қабақтан қарағалы бір асылып.
Сыймаған сабасына толқындарын
Тастайды оқта-текте бір асырып.
Дөңбекшіп, дамыл көрмей алқынады,
Кеудесі көтеріліп, бір басылып...
Көп артық көрінеді осы қалпы
Жатқаннан сабасында сірə сұлық!..
Сен де бір сол секілді тербелесің
Толқысаң тереңдегі сырға сүңгіп...





Пікір жазу