12.07.2022
167
Не пайда өлең жоқта құр атымнан...
Не пайда өлең жоқта құр атымнан,
Сеземін айрылғандай қуатымнан.
Мен елді, ел де мені естімейді,
Танадай тым-тырыспын құлаққа ұрған.
Белгіге ұқсаса тек ұзақ тұрған,
Торығып, күдер үзбес кім ақыннан!
Қысылып, төсегімде дөңбекшимін,
Кейде бір үнсіз жүрген ұятымнан…