12.07.2022
95
ЖЕР МЕН ЖЫР
Көк орай тауды сүйем мен
Мүсəтір түстес мұз, қары.
Біріне бірі сүйенген
Секілді өлең құздары.
Даланы сүйем сыры бай,
Төсінде өзен жарысқан.
Ақынның ұзақ жырындай
Арналар тартқан алыстан.
Сүйемін күміс бұлақты
Құйылған ойнап төменге;
Қиядан тіксең құлақты
Ұқсайды үні өлеңге.
Кестелі торғын белеңдер
Көрінер көркем неше алуан.
Жүрекке жылы өлеңдер
Секілді содан жасалған.
Қызығы жердің басылмай,
Қосамыз ылғи өлеңге.
Жырымыз сірə осылай
Жаралған шығар əуелде.