12.07.2022
  139


Автор: Ғали Орманов

СҮТ МІНЕЗ

Жастықша, тауым, жастанып,
Төсенем торғын көрпемше.
Телміріп тұрмай жасқанып,
Төріңді кезем еркеңше.
Əжімді қартаң жүзіңнен
Аңғарам ылғи мейірім.
Жүргенде сондай сезіммен,
Өзгеге қалай кейірмін!
Барыңды əсте жасырмай
Алдыма түгел тартасың!
Өсірген балаң осылай
Өзіңе неге тартпасын!
Үлгісін сенен үйренген
Шығарсын ұлың неге ойдан.
Сыйлармын жұртты өлеңмен
Шағымда мен де ұлғайған..





Пікір жазу