12.07.2022
  140


Автор: Ғали Орманов

Алпыс жас ауыр дегенде

Алпыс жас ауыр дегенде
Аяр ма сені басқалар?
Қайыры тиер өлеңге
Қалауын тапса, жақсы олар.
Əйтпесе саған не керек,
Сарапқа салып жасыңды!
Соларды қайта сен елеп,
Тарта бер тынбай жақсыңды.
Оты көп, білем, өнердің
Ойыңды дəйім марқайтар.
Қуаты жылы өлеңнің
Жаныңды қалай қартайтар!
Көзіңнің нұры сөнгенше
Көңілдің оты басылмас.
Өмірің ұзақ ендеше,
Өрісің əсте таусылмас.
Өлеңге байып осылай
Ортада жүрсең жарасар.
Өмірі қимас досындай
Халқың да сыйлап қарасар.





Пікір жазу