12.07.2022
  99


Автор: Ғали Орманов

ТОЙ ТҮЙІНІ

Тілесіп саулық, көп өмір
Құттықтап жатыр дос-жаран.
Төгіліп тұрса өлең-жыр,
Тілейін мен не басқа одан!
Айтылған достық, шын көңіл
Болысса болды жырыма.
Таусылмас маған – сол өмір,
Азық сол ұзақ жылыма.
Кейі тек көзге даурықса,
Ауыр жүк, білем, ол маған.
Жанымды қанша ауыртса,
Жасыман бірақ мен оған.
Достыққа бəрін жоримын,
Долдансам біреу – қорқа ма?
Өзімді солай қоримын,
Жүруге ұзақ ортада





Пікір жазу