12.07.2022
  86


Автор: Ғали Орманов

Таудың қары əлі əппақ

Таудың қары əлі əппақ
Қарайғанмен бөктері.
Қыс жатқандай қонақтап
Шыңды мекен еткелі.
Жатқанымен ол ұзақ
Жылжымасқа тау құшып.
Қоймайды оны жаз бірақ
Күнде етектен тауысып.
Сол түрткіні көп көрген
Қар шыдасын қашанғы!
Көтеріле бөктерден,
Құз басына қашады..





Пікір жазу