12.07.2022
  86


Автор: Ғали Орманов

Кезесің кейде қалаңды

Кезесің кейде қалаңды
Келбетін көзбен көргелі.
Əсем бір үйлер жанары
Кетеді қозғап кеудеңді.
Өңірге не бір бос тұрған
Əріпті үйлер өнерлі ел.
Айнымайды екен осыдан
Көңілде жүрген өлеңдер.
Жаза алсаң егер соныңды
Қағазға шебер түсіріп,
Мерейің екен соғұрлы,
Оқыса жұртың сүйсініп!





Пікір жазу