12.07.2022
  104


Автор: Ғали Орманов

РЕВОЛЮЦИЯ ШЬІРАҒЫ

Күркеде саялаған Ленин барып
Аңқиды пішен иісі мұрын жарып.
Тоғайдың тұнжыраған түндерінде
Сөнбейді күркедегі нұрлы жарық.
Столы, орындығы – түбір, томар,
Тым жайлы жұмысына түнде солар.
Заулайды көсем қолы ақ қағазда –
Алдында із түспеген ол бір сонар.
Данышпан соған төне, қабақ түйіп,
Жеңінің бірін кимей, бірін киіп,
Сызады революция тосын жолын,
Сипатын оймен көріп, жаны сүйіп.
Сөнбейді жалғыз шырақ күркедегі,
Тоғай да көрсетпейді бүркеп оны.
Көлеңке көзден біраз қымтағанмен,
Белгілі күннің ертең нұр төгері!..
Жалғыз шам Жайылмада жанған жырақ
Жарығын аямапты жаннан бірақ.
Сол шамнан өшпес мəңгі от алыпты
Маздаған елімізде бар шамшырақ!





Пікір жазу