12.07.2022
  98


Автор: Ғали Орманов

КӨСЕМ КӨРКІ

Құрғанда партияны Ленин дана,
Дүниеге күш əкепті ол бір жаңа.
Есесін еңбекшінің жоқтайды деп
Жүктепті бар үмітін соған ғана.
Өзі де кіріпті оған өзге құсап,
Құрыпты құрыш текті өзге бір сап.
Қажымай күреске оны үйретіпті,
Данышпан ой, өнерін соған жұмсап.
Ол оған өзім құрған ұйымым деп
Етпепті еңбегінің бірін міндет.
Қайта өзі мойын бұрмай бағыныпты,
Мүшенің қатардағы бірімін деп.
Жауынгер өз орнында тұрса бекем,
Қамалға қалт етпейтін ұқсайды екен.
Лениннің өмірдегі сипаты сол,
Дүниеде оған, сірə күш бар ма тең!
Ұйымның білмесе де жөнін мықтап,
Қалапты сондай ұйым жұмысшы тап.
Осынау тілекке Ильич саймыз ба деп,
Қашан да партияға қарапты сақ.
Ешкімді мақтандырмай, бұлдандырмай,
Күреске көңілдерін бұрған ұдай.
Ленин ақылымен де, ісімен де
Көрінген көп алдында туларындай!
Бер демей билетін де көптен бұрын,
Алыпты кезегімен жеткен бірін...
Ғажайып Ильичтің сол кішіктігі
Сəуле боп төңірекке төккен нұрын!





Пікір жазу