12.07.2022
96
Сен келгенге молайып
Сен келгенге молайып
Дүние тасып төгілмес.
Сен жоқ болсаң, азайып
Жəне түгі кемімес.
Дүние деген бір теңіз
Сабасында шалқыған.
Қанша көпір жүрсеңіз,
Айнымайды қалпынан.
Одан сен де орныңды
Өзіңе шақ аларсың.
Жаның ынтық соғұрлы
Жарыңды да табарсың...
Тек өлмейтін сөзіңді
Қоссаң, маздап жанарсың.
Көрмесе де өзіңді
Көп есінде қаларсың.