12.07.2022
  135


Автор: Ғали Орманов

Ермек емес мен үшін өлең деген...

Ермек емес мен үшін өлең деген,
Жаны бірге жаралған денемменен.
Жұрт көңліне жылуын жеткізе алсам,
Өзімді де тек сонда терең көрем.
Ол болмаса, жыр жазу неге керек!
Отсыз өлең ойы жоқ өле бермек.
Өйтіп оны өнбеске қор қылғанша,
Өзгеңмен-ақ көрсет сен елге көмек!





Пікір жазу