12.07.2022
164
АҚҚУЛАР
Қалқыған суда аққулар
Ұқсайды жеңіл қаңбаққа.
Айдынға үйір арулар
Келді екен қалай бау-баққа?
Əсем ғой аққу! Көрдің бе,
Балалар да оған қандай шат?
Бұтағын соза мөлдірге,
Балауса бақ та тұр қоршап.
Күлімдей, көлді жағалап,
Қарайды əркім көп соған.
Көгілдір көзбен сығалап
Тұрады қарап көк те оған.
Ағара бұлттар шашырап,
Ақырын көкте жылжыған.
Алыстан көзге қалтырап,
Көрінеді ұқсап тым бұған.
Балаға, бауға еркелеп
Жүзеді көлде аққулар...
Жырламай соны ертерек,
Қайда екен, кəне, ақындар?!