meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.07.2022
  125


Автор: Ғали Орманов

БОРЫШ

Алпыс жыл қиды күн маған
Өзінің жылы жарығын.
Кеудеме қалай жинағам
Сыйғызып соның барлығын?
Қызуын сол бір сыйлаған
Жеткізе бермес сөз айтып.
Ойласам кейде, ұялам,
Қаруы соның аз қайтып.
Теріңді төккен көп ісің
Шеніне соның жетер ме?
Бітер ме түгел борышың,
Мойныңда, бəлкім, кетер ме?
Алуың арзан болғанмен,
Табуың қиын өтерде.
Жаныңа салмақ салған жөн,
Жалтаңдай бермей бекерге!
Көңілді тербеп күнде өмір,
Төгілсе тынбай бірге өлең.
Жарығы күннің бірде-бір
Дер едім тіпті сөнбеген





Пікір жазу