11.07.2022
  107


Автор: Ғали Орманов

Мен өлеңді

Мен өлеңді
Құбылтқанды
Онша көп
Жек көремін.
Тек тілеймін;
Бір келелі
Қызықтары
Болса деп,
Ол болмаса,
Сөз оңбаса,
Не керек,
Аулақ əкет.
Айтарым тек:
Жақпас асты
Тастасаңшы
Ертерек.
Көңілшектік
Көрсетпес түк
Игілік;
Қинар қайта!
Соны байқа:
Шығармай сырт,
Салмасын жұрт
Қиғылық!





Пікір жазу