meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.07.2022
  156


Автор: Ғали Орманов

БАЛА ЗАҢЫ

Күнде қаулап өсеміз
Гүл-мəуедей бақшада.
Бағымызды көрсеңіз,
Секілді бір жақсы ана.
Мейірімді, бала жан,
Бағады ылғи аялап.
Еркелейміз біз оған,
Бауырына саялап.
Бала сыры белгілі –
Бəріне де ол жетік.
Бізге дəйім үлгіні
Отырады үйретіп.
Бəрімізге бағалы
Бірге өсірген бағымыз.
Алаламас баланы
Қандай жақсы заңымыз!





Пікір жазу