11.07.2022
141
ӨЛЕҢ ЖОЛЫ
Келеміз өрлеп өзенді
Сынысқан терек, талдары.
Жолы екен жұрттың ежелгі
Жайлаған биік заңғарды.
Жылғада қалған арқандай
Шұбалып жатыр жол, əне.
Сырғытып соны тартқандай
Сызамыз ылғи жоғары.
Қарайды тауға Ес-ағаң,
Сырларын қозғап сан жылғы;
Өзі де ұқсас тым соған
Қабағы қатпар, əжімді.
– Жүрмеген кімдер бұ жолмен,
Өтпеген кімдер таңырқап!
Сарқылмай соңы, білем мен,
Сайрандар мұнда сан ұрпақ.
Ырғайлы дəйім жол ашар
Жоғары тартқан өренге.
Жолымыз солай ұласар
Жоғалмас мəңгі өлеңге!..
Жаңғырып сол бір төңірек
Секілді бізге үн қосқан.
Көгілдір көзі мөлдіреп
Төбеден қарап тұр аспан.