11.07.2022
  105


Автор: Ғали Орманов

АУЫЛ ҚҰШАҒЫ

Алдымнан жайып құшағын
Күтіп тұр əне, Ешкіөлмес.
Асығып мен де ұшамын,
Өкінер жандай келсем кеш.
Көміліп жүзі əжімге
Қарайды қара күңгейлер.
Алдырмайтұғын əзілге
Қайда екен, шіркін, жеңгейлер?
Əлі де солар көзіме
Келеді үзбей елестеп.
Алыстан келген кезімде
Көрінуші еді белестен...
Əрине, оның көбі жоқ,
Таппайсың тінтіп тауыңды!
Дегенмен əлі көңіл тоқ
Көрем деп туған ауылды.
Балаша аулын аңсаған
Бар шығар, бəлкім, мендейлер?
Ұқсаймын өзім дəл соған...
Ендеше, кəне, келмей көр!





Пікір жазу