11.07.2022
105
ТУҒАН ЖЕР ТЫНЫСЫ
Жолын тосып Ебінің
Жатыр жайқын Алакөл.
Ерлігіндей елімнің
Елестейді маған ол.
Ебі желі ежелден
Екіленіп саулайды.
Көл төсінде безерген
Толқындар тек аунайды.
Ышқынғанмен долы жел,
Қалай оны жаулайды?
Қасарысқан Алакөл
Қалпынан бір аумайды!..
Жаңа келген шағымда
Жатыр өзге сыр бермей:
Жымың қағып алдымда,
Жылы ұшырап күлгендей.
Сен де соған толғанып,
Дегендейсің жазармын.
Табағына толтырып
Тартады ол да сазанын.
Баламайды ол бөтенге,
Келді екен деп алыстан.
Қимағандай кетерде,
Сығалайды қамыстан.