11.07.2022
  97


Автор: Ғали Орманов

ТАУ АЛДЫНДА

Ұқсайсың күміс шатырға
Алдымда биік шыңдарым.
Шұбала өтіп жатыр ма
Басыңнан ұзақ жылдарым?
Төсіне тұман түнеген
Бүркітті, Сайым бөлегім.
Тасыңда бірге түлеген
Жасымда менің өлеңім.
Бұлақша жүзіп сырыңа,
Баурыңда өстім марқайып.
Байытып елді жырыңа,
Келемін мен де қартайып.
Жарыса өрген құзыңнан
Қызығам қилы бұлаққа.
Секілді өлең, қызық əн,
Тиеді жылы құлаққа.
Қарай да қарай қалпыңа,
Қайрылып талай толғармын.
Қадырлі қимас халқыма
Қалсын деп сыйы Жоңғардың.
Тартынар əлі жоқ ойым,
Тауларым маған тақпа айып.
Жырымды төге берейін,
Қалғанша қашан томпайып!





Пікір жазу