11.07.2022
106
АҚЫН ЖОЛДАРЫ
Арылмай жалыны əлі жастағы оттың,
Алпысқа жеттің самғап, Асқар ақын.
Қарпиды өлеңдерің ел көңілін,
Баулиды жетілдіріп жас қанатын.
Алдымда жатыр алыс ақын жолы,
Жалықпай ұзақ жылдар тарттың оны.
Суреті сабасы мол Сырға ұқсайды,
Өңірі өмірінше жырға толы.
Соның сен бойда сақтап күш-қуатын,
Жылың көп жемісі мол құлпыратын.
Өлеңің ой өлкесін көркейткендей,
Ардақтап сені талай құшты халқың.
Сен де ылғи өлеңге арнап өзіңді өзің,
Келесің тынбай аршып соның көзін.
Ұялап көкірегіңнен кетпейді əсте,
Ел үшін ерінбейін деген сезім.
Түн қатсаң толғана бір көзіңді ілмей,
Сергисің жеңілгендей жүгің зілдей.
Ойласақ, Асқар, соның қандай бақыт,
Сілтеген қартаюға қолың тимей!