11.07.2022
  98


Автор: Ғали Орманов

ДАЛА ДƏРУІ

Иіндеген сабаны
Баққан екен ұқыптап.
Иісі елтіріп барады
Танауымды қытықтап.
Мұндай қымызды ішуге
Емес дейсіз кім құмар?
Сабаңыздың ішіне
Түсіп кетер түрім бар.
Қотармай-ақ тегешке,
Құйыңызшы сабадан.
Қылқылдаған өңешке
Қызу барсын даладан.
Қарайғанын сүзбеңіз,
Қыпық емес, жəй шығар...
Көп піскеміз түнде біз,
Кілкіп жүрген май шығар!
Байқайыншы бір жұтып,
Сабаның бұл алды ғой...
Маңдай терім бұрқ етіп,
Жаным кіріп қалды ғой!..
Бұл қымызды ішуге
Болмас дейсіз кім құмар.
Түсіп кеткелі ішіне
Талайлар-ақ қылғынар...





Пікір жазу