11.07.2022
  104


Автор: Ғали Орманов

ӨЛЕҢ БӨЛМЕСІ

Өзгеге кейде ой бөлмей
Жазамын өлең жайлауда.
Өңірі жайлы бөлмемдей
Жазуға жəне ойлауға.
Жамбаста майса көк кілем,
Өрнегін шебер тоқыған.
Маздаған əсем көп гүлмен
Қыюлап бетін толтырған.
Бітімі жердің шоғындай,
Мəуелер исі тұр аңқып.
Қуана құшып соны ыңғай,
Көбелек біткен жүр қалқып.
Маңымда құстар жырлайды
Əндерін алуан бұралтып.
Əдемі сазын сырнайлы
Төгеді кейі құмартып.
Алдымда бұлақ асығып
Ағады тынбай сылдырап.
Шалғынға жонын жасырып,
Барады қайда зымырап?
Көзінде кейде күн ойнап,
Күлімдей қарап өтеді.
Танысаң саған бұл аймақ
Тəрізді өлең мекені...





Пікір жазу