11.07.2022
  136


Автор: Ғали Орманов

ТОРЫ АЙҒЫР АҢЫЗЫ

Алдында жым-жырт жусаған
Əйгілі биік Торы айғыр.
Ерінбей кімдер шықса оған,
Көрінер алыс талай қыр.
Жонынан шұбап асыпты
Қыруар заман, талай жыл.
Солардан терген нəсіпті
Қимасын бізге қалай бұл?
Тым-тырыс тұрған түріне
Түңілмей, достым, қарай жүр.
Таусылмас шертсең бүгінге
Табылар, бəлкім, талай жыр.
Шиыры, бəлкім, жоқ шығар
Торыға мінген шопанның.
Сақтаған бірақ сол шыңдар
Танырсың ізін Шоқанның!..





Пікір жазу