11.07.2022
  87


Автор: Ғали Орманов

БИКАЗ ҚАҚПАСЫ

Аспандап Биказ тұр жалғыз,
Шағылып күнге ақ басы.
Алдында жым-жырт зəулім құз
Секілді баққан қақпасы.
Арқанша тартқан ирек қол
Асыра Карпат белінен
Əкелді соған бізді сол,
Оралтып Лакул көлінен.
Меңіреу сұрғылт жақпары
Құйылған түстес темірден.
Төменде туннель оқпаны
Түнере суық көрінген.
Адамға қалай дес берген
Заманғы жабық жол аузы.
Өтеді қазір сол жерден
Ағыл да тегіл жолаушы.
Солардың мен де бірімін,
Өңірін кезген дос елдің.
Желісін, бəлкім, жырымның,
Араға мəңгі төсермін!
Қиынды қашап жол салған
Қызықтым румын еліне,
Адамға алды болса арман,
Қарар ма құз бен зеңгірге!





Пікір жазу