11.07.2022
  98


Автор: Ғали Орманов

ТЕЛІ ӨМІР

Тізіле бойлап Букуреш
Тартыпты биік сымбатты.
Иығын тосып бүкіл күш
Көтеріп жатқан сияқты.
Көрікті қала көзінде
Қуаныш көрдім нұры көп.
Аралай өткен кезіңде
Қарайды бəрі күлімдеп.
Құбылып кемпірқосақтай
Құяды қилы фонтандар.
Төгілген меруерт моншақтай
Қалпына назар салсаңдар.
Тартады саған көшелер
Құшағы толы гүлдерін.
Аңқыған əтір неше бір
Табасың əсем түрлерін.
Қарақат көздей мөп-мөлдір
Көресің нелер көл көркін.
Төсінде солар тербеп тұр
Қаланың сұлу суретін.
Жерлерін қайта жаратқан
Жайларын өзі байқар деп,
Ғибадат сақтап қонақтан,
Достарым маған айтқан жоқ.
Айтпаса да аян ол саған,
Айтыңдар мен де демедім,
Заманды қайта жасаған
Жадымда тұрды өз елім!





Пікір жазу