meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.07.2022
  137


Автор: Ғали Орманов

ТУЫСҚАН ТУРАЛЫ

Туысқан деп, бауыр деп,
Арқа тұттым талайды.
Жатсаң жүгің ауыр кеп,
Жалтаңдап сырт қарайды.
Беті жылы, іші ызғар,
Танытпас ол оңайға,
Сақтағанша мұз бен қар,
Аулақ жүрсе болмай ма?!
Баяны жоқ, тым тайғақ,
Байқасаң кей туысқан:
Жақсы күнде жантайлап,
Жаман күнде суысқан...
Жайың қалай дегені –
Жəй əшейін, ат өтті.
Жақсы көрсе ол сені,
Жасытпай-ақ қойса етті!





Пікір жазу