11.07.2022
126
АСУ АҢЫЗЫ
Шарлаған жерді жаһанкез
Келіпті асып Кетпенді.
«Саудагер шығар!..» деген сөз
Жайылып елге кеткен-ді.
Теңдетіп жүгін есекке,
Кетіпті ол ертең қияға.
Таңса да əркім өсекке,
Сапарын, сірə, қия ма!
Білмепті ешкім ол елде:
Биіктен сонда асқан кім?
Жұлдыз ба өткен ол əлде
Астына тақау аспанның?
Шалкөде оны білмеген,
Болар ма, бəлкім, жас ғалым;
Сырласып байтақ дүниемен,
Ғылымға қиған жас шағын?
Аспанға астас төбесі
Қарайсың кенет асуға:
Шоқанның асқан жолы осы
Сорабы өшпес ғасырға!