11.07.2022
94

ТЕРУШІЛЕР
Шайы киіп құбылған,
Тоты түсті қыз, келіншек,
Мақта тере жиылған
Кездері екен,
біз келсек.
Қызыл-жасыл топтары
Жерге сəулет бергендай:
Шоқтарынан мақтаның
Күн сəулесін тергендей.
Сонша жылы жүрекке,
Күлкі, сөзі жұп-жұмсақ;
Торқа толы жүйекте
Құбылады гүлге ұқсап.
Қарай-қарай соларға,
Сыр түйесің сен қанша;
Асыл қымбат ба оларға,
Тергендері сол болса!
Дайындалған шағы да
Шайы киер тұсқа бір...
Жайы келген шағында,
Сілкінбей ме құс та бір!