11.07.2022
136
МАҚТА ТАУ
Шертті жайын мақтаның
Бізге Мəмедəлиев.
Орындысын, мақтанын
Өз сөзінен таниық:
– Мекеніміз осы өлке
Қызылсу мен Қияқты.
Берекесін осы елге
Құйып жатқан сияқты.
Тұтаса өскен маңдайда
Түгел біздің мақтамыз.
Жүргендейсіз тоғайда
Аралап бір бақсаңыз.
Ақша бұлттай торқаны
Алқап сайын көріңіз.
Төгіп жатыр тоннаны
Əрбір тамшы теріміз!